From Wikipedia, the free encyclopedia
Усасыр қырыққұлақ[1] (Dryopterі») – кәдімгі қырыққұлақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін, споралы өсімдіктер. Қылқан жапырақты және аралас ормандар арасында, таулы, жартасты және тастақты жерлерде өсетін 6 түрі бар. Ең жиі кездесетіні – еркек Усасыр қырыққұла. Оның биіктігі 30 – 150 см. Көген тамыры жуан. Жапырақтары ірі, сопақтау, қауырсын тәрізденіп екі рет тілімделген. Сорусы (өсімдіктің спора дамитын мүшесі) жеміс беретін бұтағының орта шенінде орналасқан. Спорасы бүйрек тәрізді сопақша, тамыз – қыркүйек айларында пайда болады. Өсімдіктің «еркек» У. қаласы болып аталуы – аналық таға қырыққұлағына (Athyrіum fіlіx femіna) қарағанда жапырағы қатты және қою жасыл түсті болады. Бұл өсімдіктің тамырында антгельминтик ретінде пайдаланылатын алкалоид – фильмарин бар, сондықтан ежелден дәрілік және улы өсімдік болып саналады. Ал мыңжылқы Усасыр қырыққұлақы, өте сирек (тек Мыңжылқы тау сілемдеріндегі Қосбұлақ сайында) кездесетін, реликт өсімдік. Биікт. 60 см, тамыры жуан, сабағы болмайды. Тамырынан екі рет тілімделген, қауырсын тәрізді жапырақ шоғыры шығады. Өсімдіктің тамыры улы, ол медицинада және ветеринарияда ішек құртын түсіретін дәрілік зат ретінде пайдаланылады. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.